Ақпараттық жүйелер | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ақпараттық жүйелер

Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрлары

(www.ecokadastr.kz)

       Табиғи ресурстардың мемлекеттік  кадастрлары  жинаудың, жүйелеудің, сақтаудың, өндеудің және бейнелеудің автоматтандырылған жүйесін ұсынады және ҚР табиғи ресурстары туралы кеңістік-үйлестірулік деректерді, бұл деректердің талдауы табиғи ресурстарды қорғау, қалпына келтіру және сақтауға байланысты басқарушылық, өндірістік ғылыми міндеттерді шешуде тиімді пайдалану үшін қолданылады.

           Қазіргі таңда ақпараттық жүйе тәжірибелік пайдалануда және өзінің құрамында келесі ішкі жүйелерді қамтиды:

1) Орман кадастрының ішкі жүйесі;
2) Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың ішкі жүйесі;
3) Жануарлар дүниесі кадастрының ішкі жүйесі;
4) Балық  кадастрының ішкі жүйесі;
5) Картографиялық деректердің блогы.

Әрбір ішкі жүйелер үшін ақпараттарды ұсыну деңгейлері:

– Жергілікті (орман шарушылығы, балық өсіру кәсіпорны, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар деңгейі);
– Облыстық;
– Республикалық.

ТРМК АЖ 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықтағы 4830 кадастрлық объектілер бойынша динамикалық деректерді қамтиды.

            Кадастрлық объектілерге сипаттамалар мен қасиеттер, сонымен қоса осы деректерді аумақтарды сипаттау үшін картада нақты кеңістік орналастыруын байланыстыру бар.

x_7bb5ffcf

Орман кадастрының ішкі жүйесі орман қорының жағдайы, шаруашылық қызметін бағалау, оны иелелеріне бөліп беру, орман қорының сандық және сапалық жағдайы туралы ақпаратты қамтиды. Объектілердің жалпы саны: 152.

Ақпарат «№1 нысанымен – орман қорын санаттар мен алқаптар бойынша бөлу», №1 нысанға 1- және 2-қосымша, «№2, 3, 4, 5 және 6-насандарымен»; есептің статистикалық нысаны түріндегі материалдарымен; Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің есептік материалдарымен; кәсіпорындардың есептік материалдарымен (орман шаруашылығы) берілген.

          Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың ішкі жүйесі табиғатты қорғау, ғылыми, барлық қорықтық аймақтардың шаруашылық және  әкімшілік қызметі туралы ақпараттарды қамтиды:

– Мемлекеттік табиғи қорық;
– Мемлекеттік ұлттық табиғи парк;
– Мемлекеттік өңірлік табиғи парк;
– Мемлекеттік дендрологиялық парк;
– Мемлекеттік зоологиялық парк;
– Мемлекеттік ботаникалық бақ;
– Мемлекеттік табиғи резерват;
– Мемлекеттік орман табиғи резерваты;
– Мемлекеттік табиғи қаумал;
– Мемлекеттік табиғат ескерткіші;
– Мемлекеттік қорық аймағы.

        Ақпарат «№1 нысан – ЕҚТА» – ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды  функционалды аймақ және аймақ ішіне бөлу статистикалық нысаны түрінде материалдармен берілген; ЕҚТА-ның төлқұжаты; ЕҚТА мекемелерінің есептік материалдары; Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің есептері; Объектілердің жалпы саны: 184.

6335837

Жануарлар дүниесі кадастрының ішкі жүйесі пайдалану, қорғау және өндіріс саласында  тиімді басқару  мақсатында жануарлар дүниесі жағдайы туралы ақпараттарды қамтиды. Объектілердің жалпы саны: 936.

Ақпарат «№2 нысан – аңшылық» – аңшылық шаруашылығы бойынша есептер статистикалық нысан түрінде материалдармен берілген; Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының есептік материалдары;

Балық  кадастрының ішкі жүйесі су объектілері мен балық ресурстарының   жағдайы туралы ақпаратты қамтиды. Объектілердің жалпы саны: 3558.

Ақпарат «№1-2 нысан – БШҚ» статистикалық есеп үлгісіндегі материалдарымен, балық шаруашылығы қызметі туралы есептерімен; балық шарушылығының су қоймасы төлқұжатымен көрсетілген.

    Картографиялық деректер блогы. Әр кадастр бойынша тиісті ақпаратты құрайтын векторлық тақырыптық қабаттармен топографиялық негізбен 1:1 000 000, 1:200 000 масштабы Қазақстанның сандық картасымен көрсетілген:

– Орман шаруашылығының Мемлекеттік мекемелері;
– Аңшылық шаруашылығы;
– Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар;
– Балық шаруашылығы;
– Елді мекендер;
– Көлдер;
– Өзендер;
– Әкімшілік шекаралар;
– Көлік және теміржолдары.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика