Халықаралық ынтымақтастық | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Халықаралық ынтымақтастық

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

8

АҚХҚ Орнықты даму бойынша Мемлекетаралық Комиссия 1993 жылғы 26 наурыздағы Қызыл-Орда қаласында Орталық Азия елдері Басшыларымен қол қойылған «Арал теңізі және Арал маңы мәселелерін шешу, Арал теңізін экологиялық сауықтыру әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы келісімнің» 2-бабына сәйкес құрылған.

Орнықты даму бойынша Мемлекетаралық комиссия өз жұмысында Орталық Азия елдері Басшыларымен қабылданған шешімдерін басшылыққа алады. Жалпы басқару АҚХҚ басқармасымен жүзеге асырылады.

Орта-азиялық елдердің қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласында күштерді біріктіру бойынша ойларды қосалқы аймақтардың елдері саяси деңгейде бірнеше рет көтерген (Орталық Азия елдері Президенттерінің Алматы декларациясы 1997 ж., Орталық-Азия елдері үшін БҰҰ арнайы бағдарламасы бойынша Орталық Азия елдері Президенттерінің Ташкент декларациясы 1998 ж., Орталық-Азия елдері үшін БҰҰ арнайы бағдарламасы бойынша Душанбе декларациясы 2002 ж., ОА елдері Басшыларының Шешімдері Алматы қаласы, 2009 ж.

Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласында аймақтық ынтымақтастықты үйлестіру және басқару, қоршаған ортаны қорғау саласында және орнықты даму саласында аймақтық стратегияларды, бағдарламаларды, жобаларды, іс-қимыл жоспарларын әзірлеу, халықаралық тәжрибемен және ақпаратпен алмасуға ықпал ету ОА ОДМК-ның негізгі миссиясы болып табылады.

mkur

ОА ОДМК негізгі мақсаты ОА Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық әрекеттерінің жоспарын (ҚОҚАӘЖ) жүзеге асыру болып табылады. ҚОҚАӘЖ-ын жүзеге асыру бойынша шешімдерді қабылдауға арналған әлеуетті күшейту мақсатында, осы жоспарды басқару және енгізу тетігі әзірленген, аймақтық ынтымақтастық үшін саяси және институттық негіздерді күшейту,  шешімдерді қабылдау үшін әлеует, азаматтық қоғамның қатысуы және ресурстарды оңтайландыруды жүзеге асырудың мақсаттары анықталған. Сонымен қатар, ОА ОДМК халықаралық ұйымдармен және ҮЕҰ-мен орнықты байланысты қамтамасыз ету, ОА үшін басқа да бағдарламаларды үйлестірудің негізгі жаһандық және аймақтық мәселерін анықтайды.

Осы артықшылықтарды дамыту мақсатында ҒЗО елдер бөлімдерінің сарапшылары азаматтық қоғаммен қарым қатынасты дамытуды ескере отырып, АҚМҚ ОДМК мандаты аясында қоршаған ортаны қорғау саласында аймақтық ынтымақтастықтың институттық және құқықтық базасын күшейту бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысты Бағалау зерттеулері әзірленді.

ОА ОДМК аясында Қазақстан қызметін ОДМК Мүшесі Министр үйлестіреді, ОА ОДМК мүшелерінің құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің немесе қаржы министрлігінің және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қосылуы мүмкін. Қоршаған ортаны қорғау қызметінің аймақтық жоспарын енгізу бойынша қолдауды республикада Халықаралық экологиялық келісімдер департаменті жүзеге асырады – жауапты лауазымды тұлға анықталмаған.

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК негізінде қызмет ететін ОДМК ҒЗО Қазақстандық бөлімшесі ОА ОДМК сарапшылық және ғылыми-техникалық қолдау көрсетеді. Қазақстанның ОДМК ҒЗО Аймақтық ресурстар орталығы ретінде ЮНЕП Азия-Тынықмұхит аймағының ресми серіктесі болып табылады, ЮНЕП Экологиялық білімдер орталығына (eKH) (www.ekh.unep.org) ақпараттар ұсынады және Орталық Азияның экологиялық порталына (www.ecoportalca.kz) құжаттарды дайындауды, жариялануын және таратылуын қамтамасыз етеді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика