Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытып, экология мәселесін шешу қажет – Е. Досаев | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытып, экология мәселесін шешу қажет – Е. Досаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Алматы – өмір сүруге және бизнеске қолайлы қала» 5-ші инновациялық форумы барысында Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытып, экология мәселесін шешу қажеттігін мәлімдеді.

«Біз технологиялық жағынан артта қалғанымызды мойындаймыз. Сол үшін, бірінші кезекте, көлік инфрақұрылымын дамыту қажет. Алматы туралы айтқанда көлік және экология мәселесін айналып өтуге болмайды. Біз осы екі проблеманы қалайда шешуіміз керек. Мен өз тарапымнан барынша қолдау көрсетуге дайынмын. Барлық мәселені шеше алмасақ та, оларды едәуір азайтуға болады. Әрине, «Алматы қаласын дамыту-2020» бағдарламасы жақсы әзірленген. Бірақ, ол арқылы қаладағы барлық өзекті мәселелерді шешу мүмкін емес. Алматының әлеуеті өте жоғары. Бірақ, біз оны толық пайдаланып жатқан жоқпыз. Сондықтан, қаладағы бір емес, барлық  инфрақұрылымды дамытуға лайықты деңгейде қолдау көрсетуміз қажет», – деді Е. Досаев.

Дерек көзі. www.inform.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика