Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:

ҚОҚАТО Қазақстанда электрониканың өмірлік циклінде ресурстарды тиімді пайдалану және айналым экономикасын дамыту жөніндегі халықаралық жобаның іске қосылуына арналған семинарға қатысты

30.06.2026

ҚОҚАТО Қазақстанда электрониканың өмірлік циклінде ресурстарды тиімді пайдалану және айналым экономикасын дамыту жөніндегі халықаралық жобаның іске қосылуына арналған семинарға қатысты 2026 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК мамандары «Қазақстанда электрониканың өмірлік циклінде ресурстарды тиімді пайдалану және айналым экономикасын дамыту» (Global Electronics Management Kazakhstan, GEF ID 11561) халықаралық жобасының ресми іске қосылуына арналған семинарға қатысты. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP), БҰҰ-ның Оқыту және ғылыми-зерттеу институтының (UNITAR), БҰҰ Даму бағдарламасының (UNDP), БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (UNIDO), Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Жасыл даму» АҚ-ның, Ұлттық статистика бюросының, бизнес қауымдастығының, салалық қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Семинар барысында айналым экономикасы қағидаттарын дамытуға, ресурстарды тиімді пайдалануға және Қазақстандағы электрондық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жобаның мақсаттары, міндеттері және іске асыру тетіктері таныстырылды. Сонымен қатар қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық, жобаны қаржыландыру, мүдделі тараптарды тарту және жобаны тиімді басқару мәселелерін талқылады. Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу ҚОҚАТО-ға мемлекеттік органдармен және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға, үздік тәжірибемен алмасуға және Қазақстан Республикасында тұрақты даму мен айналым экономикасын дамытуға бағытталған заманауи экологиялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.
🌿 AI-ассистент