Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:

Заңсыз аңшылық үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

29.10.2026

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында

Заңсыз аңшылық – жануарлар дүниесіне қауіп төндіріп, табиғи тепе-теңдікке зиян келтіретін құқық бұзушылық.

Аңшылық қағидаларын бұзу, тиісті рұқсатсыз, белгіленген мерзімнен тыс, тыйым салынған аумақтарда немесе заңсыз тәсілдермен аң аулау заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңшылық қағидаларын бұзған жеке тұлғаларға:

70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе
2 жылға дейін аң аулау құқығынан айыру көзделген.

Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркіленеді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті азаматтарды аңшылық қағидаларын сақтауға және жабайы табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Табиғатты қорғау – заңды сақтаудан басталады!

🌿 AI-ассистент