Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:

Экология, құқық және жауапкершілік: Қазақстан халықаралық диалогқа қатысты

26.11.2026

Түркістан облысы, Түркістан қаласында Әзербайжан, Венгрия, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның конституциялық соттарының өкілдері, БҰҰ мен ЕҚЫҰ сарапшылары, сондай-ақ АҚШ, Германия, Түркия және өзге де мемлекеттердің жетекші ғалымдары бас қосты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы аясында құқық пен мәдениет, әділеттілік пен мемлекеттілік, адам құқықтары мен азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.

Халықаралық симпозиумда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Шияпұлы Әлиев «Экологиялық жауапкершілік және құқық үстемдігі: қоршаған ортаны қорғаудың конституциялық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, қоршаған ортаны қорғаудағы конституциялық қағидаттардың, экологиялық жауапкершіліктің және құқық үстемдігінің маңыздылығына тоқталды.

Аталған жиын халықаралық тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық тетіктерді жетілдіру бағытында өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

🌿 AI-ассистент