Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:

Экология саласының цифрландырылуы: жаңа әдістер мен бірлескен жобалар талқыланды

29.05.2026

Цифрлық үкіметті қолдау орталығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, оған қарасты ұйымдардың, сондай-ақ цифрландыру саласындағы және экологиялық реттеу саласындағы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен экология саласының цифрлық трансформациясы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Сайынұлы Құрмалаев, Қоршаған ортаны қорғауды реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Мұратұлы Бекмұхаметов, «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Асхат Сұлтанбекұлы Қожумов, «ҰАТ» АҚ департаментінің директоры Жанарис Даниярұлы Әлиев, «KazDevLab» ЖШС техникалық директоры Асхат Әділбекұлы Мамыржанов, «PKR Ken-dala» ЖШС бас директоры Адияр Зарлықұлы Мақсұтов, сондай-ақ Қазақстан инвесторлары қауымдастығының басқарма төрағасы Рустам Манарбекұлы Жүрсінов қатысты.

Кездесуде 2025 жылдың 25 қыркүйегінде бекітілген, ішкі процестерді жақсартуға, департаменттің жұмыс тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағытталған Министрліктің Цифрлық трансформация картасын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды.

Бизнес-процестерді қайта құруға, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға, тәуекелдерді басқару жүйелерін әзірлеуге, рұқсат беру рәсімдерін цифрландыруға, қоршаған ортаға шығарындыларды бақылауды автоматтандыруға және қоршаған ортаны бақылауда жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қоршаған ортаны қорғау саласын одан әрі цифрландыруға, қоршаған ортаны бақылау сапасын арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

🌿 AI-ассистент