Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев Ерлан Нұрәліұлының төрағалығымен «ҚОҚАТО» РМК-ның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша кеңес өтті
07.07.2026
2026 жылғы 7 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев Ерлан Нұрәліұлының төрағалығымен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары және алдағы басым даму бағыттарын айқындауға арналған кеңес өтті.
Кеңес барысында «ҚОҚАТО» ШЖҚ РМК-ның Бас Директоры Кожумов Асхат Сұлтанбекұлы есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында іске асырылып жатқан жобалар, цифрлық бастамалар және дамудың перспективалық бағыттары туралы ақпаратты таныстырды.
Кеңес қорытындысы бойынша цифрлық экологиялық шешімдерді одан әрі дамытуға бағытталған негізгі міндеттер айқындалды. Басым бағыттардың қатарында жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы Ұлттық қоршаған орта және табиғи ресурстар деректер банкін (НБД СОС және ПР) одан әрі дамыту, цифрлық экологиялық инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ перспективалы экологиялық жобаларды іске асыру үшін халықаралық гранттарды тарту мәселелері белгіленді.
Қойылған міндеттерді іске асыру мемлекеттік экологиялық реттеудің тиімділігін арттыруға, заманауи цифрлық технологияларды дамытуға және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.