Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:

«Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК ECO EXPO CENTRAL ASIA 2026 халықаралық көрмесінде цифрлық экологиялық шешімдерді таныстырды

04.06.2026

     02-04 маусымда 2026 жылы 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» Өзбекстан Республикасының Silk Road Samarkand халықаралық көрме кешенінде өткен ECO EXPO CENTRAL ASIA 2026 халықаралық экологиялық көрмесі мен форумына қатысты.
     

     Іс-шара экологиялық қауіпсіздік, климаттық орнықтылық, цифрландыру және заманауи экологиялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың, қаржы институттарының және бизнес өкілдерінің басын қосты.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны аясында мемлекеттік экологиялық ақпараттық жүйелерді, оның ішінде Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкін және Автоматтандырылған мониторинг жүйесін (МАЖ) таныстырылды. Ұсынылған цифрлық шешімдер экологиялық ақпаратты жинауды, өңдеуді және ұсынуды, сондай-ақ ластаушы заттар шығарындылары туралы деректерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді.

     Көрме барысында ҚОҚ АТО мамандары кәсіпорынның цифрлық жобаларын таныстырып, қатысушыларды мемлекеттік экологиялық ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерімен таныстырды, келушілердің сұрақтарына жауап беріп, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасты.

     ECO EXPO CENTRAL ASIA 2026 көрмесіне қатысу Қазақстанның цифрлық экологиялық шешімдерін таныстыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және заманауи экологиялық технологиялар саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

     «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК мемлекеттік экологиялық ақпараттық жүйелерді жетілдіруді және экологиялық басқарудың тиімділігін арттыруға, экологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда.

🌿 AI-ассистент