Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:

2026 жылғы 28–30 қазанда экологиялық заңнама мәселелері бойынша оқыту семинары өтеді

07.10.2026

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандарын:

«Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны құқық қолдану практикасы»
тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 28–30 қазан
📍 Форматы: гибридті — Астана қаласында офлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн.
Семинар экологиялық заңнама, құқық қолдану практикасы және экологиялық бақылау тетіктерін қолдану саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында өткізіледі.
Бағдарлама аясында келесі мәселелер қарастырылады:
— Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің негізгі қағидаттары және заңнамаға енгізу жоспарланған өзгерістер;
— экологиялық рұқсат алу және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібі;
— қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ерекшеліктері, оның негізгі кезеңдері, есептілік және қоғамдық тыңдаулар;
— өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудың өзекті мәселелері, оның ішінде қауіпті қалдықтар, оларды паспорттау және жіктеу;
— Кәсіпкерлік кодекске сәйкес мемлекеттік бақылау объектілерінде профилактикалық экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
— экологиялық бақылау саласындағы құқық қолдану практикасы, әкімшілік өндіріп алулар және заңнамадағы өзгерістер;
— өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
— қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуі.
Лекторлар құрамына Экологиялық кодекс пен заңға тәуелді актілерді әзірлеушілер, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар кіреді.
Қатысушыларға оқу және презентациялық материалдар ұсынылады. Оқыту қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Вице-министрінің қолы қойылған ведомстволық үлгідегі оқудан өткені туралы куәлік беріледі.
Қатысу құны:
кәсіпорындар үшін:
онлайн — 190 000 теңге;
офлайн — 240 000 теңге;
мемлекеттік мекемелер үшін:
онлайн — 100 000 теңге;
офлайн — 160 000 теңге;
ҚР ЭТРМ ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін:
онлайн — 50 000 теңге;
офлайн — 80 000 теңге.
ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары үшін Орхус конвенциясы шеңберінде оқыту тегін негізде жүргізіледі.
📩 E-mail: seminar.iac@iacoos.kz
📞 Байланыс телефондары:

 +7 (7172) 24-96-18

 +7 775 882 61 45
Алдын ала тіркелу міндетті. Офлайн форматтағы орын саны шектеулі.

🌿 AI-ассистент