Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қаріп өлшемі: 14 PX
Сайт түстері:

Ормандарды сақтаудан Аралды қалпына келтіруге дейін: Қазақстан мен АҚШ күш біріктіруде

23.10.2026

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еліміздің табиғаты мен орман байлығын сақтаудағы еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы экологиялық ынтымақтастықтың жарқын мысалдарының бірі — америкалық тараптың қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанында жүзеге асырылған «Оазис» пилоттық жобасы.

Жоба аясында 432,5 мың сексеуіл көшеті отырғызылды. Сонымен қатар олардың жерсіну деңгейін арттыруға, заманауи отырғызу технологияларын енгізуге және өсімдік жамылғысын қалпына келтіруге бағытталған зерттеулер жүргізілді.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру құм көшкіндерінің таралуын тежеуге, өсімдік жамылғысын қалпына келтіруге және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Ортақ мақсатымыз — табиғатты сақтап, келешек ұрпаққа жасыл әлемді аманат ету!

🌿 AI-ассистент