Орхус конвенциясы - БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының «Ақпаратқа қол жеткізу, жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу туралы» конвенциясы.
Конвенцияның мақсаты - адамның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа қол жеткізуге, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуына және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізуге құқықтарын қорғауды қолдау.
Орхус конвенциясы жұртшылықтың қатысуының үш негізгі қағидатына негізделген:
- Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу.
- Экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы.
- Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу.
Қазақстан ақпаратқа қол жеткізу, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу туралы конвенцияны ратификациялады (Орхус конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы N 92-II Заңы).
Конвенция мемлекеттік органдарға үш негізгі қағидат шеңберінде жұртшылық құқықтарын қолдау және іске асыруды қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер жүктейді. Конвенцияны орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады.
Орхус конвенциясын іске асыру мақсатында 2009 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі РГП «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» базасында Орхус орталығын құрды.
Орхус орталығының функциялары
- жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша қолжетімді экологиялық ақпарат ұсыну;
- БАҚ-та жарияланымдар, радио мен теледидарда сөз сөйлеу, жарнамалық кампаниялар өткізу, сондай-ақ жоспарланған және өткізілетін қоғамдық тыңдауларды ақпараттық сүйемелдеу;
- экологиялық ақпаратты Орхус орталығының www.aarhus.kz веб-сайтында орналастыру.
Орталықтың негізгі міндеттері
- қоршаған ортаның жай-күйі және қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін жоспарланған әрі жүзеге асырылатын қызмет туралы жұртшылықтың уақтылы, шынайы және толық ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз ету;
- жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты қалыптастыру;
- үкіметтік ұйымдар мен қызметкерлерге Конвенция ережелерін іске асыру бойынша міндеттемелерін орындауда практикалық көмек көрсету;
- экологиялық ағарту және Қазақстандағы және әлемдегі экологиялық проблемалар туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру;
- жұртшылықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуына және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізуіне жәрдемдесу;
- халықаралық тәжірибені зерделеу және Орхус конвенциясының ережелерін іске асыру саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Орталық Орхус конвенциясының ережелеріне сәйкес ақпаратқа қол жеткізуді, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуын және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Орталықтың негізгі функциялары
- жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша қолжетімді экологиялық ақпарат ұсыну;
- экологиялық ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдауға қатысу және экологиялық мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу құқықтарын қолдану бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру;
- білім беру іс-шараларын, семинарлар мен қоғамдық дәрістерді өткізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- БАҚ-та жарияланымдар, радио мен теледидарда сөз сөйлеу және жарнамалық кампаниялар өткізу;
- экологиялық ақпаратты жинау, жинақтау, жүйелеу, сақтау және тарату;
- экологиялық ақпаратты интернетте орналастыру;
- Орхус конвенциясын іске асыру жөніндегі жобалар мен іс-шараларды әзірлеуге қолдау көрсету;
- жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта саласындағы нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар, жоспарлар және стратегиялар жобаларына қол жеткізуіне және оларды қоғамдық талқылауға жәрдемдесу.
Орхус конвенциясы хатшылығымен ынтымақтастық
Орхус конвенциясы хатшылығымен байланыс жауапты лауазымды тұлға - Орхус конвенциясының үйлестірушісі арқылы жүзеге асырылады. Ынтымақтастық мыналарды қамтиды:
- республикада Орхус конвенциясын іске асыру туралы есептер мен баяндамаларды белгіленген форматтар мен рәсімдерге сәйкес дайындау және ұсыну;
- Орхус конвенциясын іске асыру бойынша нұсқаулықтар мен ұсынымдарды пайдалану;
- Орхус конвенциясы тараптарының кездесулеріне, конференцияларына және семинарларына қатысу;
- Орхус конвенциясы тараптары кездесулерінің шешімдерін орындау.
«Жасыл даму» бағдарламасына сәйкес ластағыштарды шығару және тасымалдау тіркелімінің хаттамасына қосылу мүмкіндігі қарастырылуда. Хаттама шаруашылық объектілерінің қоршаған ортаны ластауы туралы ақпаратты реттейді және осы салада жұртшылық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Хаттамаға сәйкес ұлттық РВПЗ құру экологиялық есептіліктің барлық нысандарын дайындау үшін қажетті деректерді жинауды едәуір жеңілдетеді. Ластағыштарды шығару және тасымалдау ұлттық тіркелімін әзірлеу және жүргізу бойынша жұмыс басталды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 8 Орхус орталығы жұмыс істейді:
- «Бурабай Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Маңғыстау Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Алматы Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Қызылорда Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Қазақстан Орхус комитеті» ЖҚ;
- «Жайық-Каспий Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Астана Орхус орталығы» ҚҚ.