Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қолдану практикасы және экологиялық реттеу мәселелеріне арналған оқыту семинарына қатысуға шақырады.
Семинар экологиялық заңнама саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, құқық қолданудың практикалық дағдыларын дамытуға және кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарда экологиялық бақылауды ұйымдастыруға жүйелі тәсіл қалыптастыруға бағытталған.
Өткізу күндері
- 2026 жылғы 08-10 сәуір - онлайн (Zoom платформасы)
- 2026 жылғы 27-29 сәуір - офлайн, Астана қ.
Бағдарлама аясында экологиялық реттеудің негізгі аспектілері егжей-тегжейлі қарастырылады, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің негізгі ережелері және өзекті өзгерістері;
- экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі және мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу;
- қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ерекшеліктері, оның кезеңдері, құжаттамаға қойылатын талаптар және қоғамдық тыңдаулар;
- өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудың заманауи тәсілдері, оның ішінде қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу;
- профилактикалық экологиялық бақылауды іске асыру және қолданыстағы заңнама талаптары;
- құқық қолдану практикасы, әкімшілік рәсімдер және жауапкершілік;
- өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
- эмиссияларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйелерін енгізу және олардың жұмыс істеуі.
Семинар барысында заңнаманы қолданудың практикалық мәселелеріне, табиғат пайдаланушылар жиі жіберетін қателіктерге және нақты кейстерді талдауға ерекше назар аударылады. Қатысушылар өзекті сұрақтар бойынша түсіндірмелер мен жетекші сала мамандарының ұсынымдарын ала алады.
Лекторлар ретінде Экологиялық кодекс пен заңға тәуелді актілерді әзірлеушілер, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ практикалық тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшылар қатысады.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға семинардан өткенін растайтын ведомстволық үлгідегі атаулы куәлік беріледі.
Байланыс және тіркеу
Барлық сұрақтар бойынша: seminar.iac@iacoos.kz
Байланыс телефондары: +7 (7172) 24-96-18, +7 775 882 6145
Қатысу үшін тіркеу формасын сілтеме арқылы толтыру қажет.
Форманы толтыру