ЖИ аналитигі/EcoAgent
EcoAgent — экологиялық деректерді кешенді талдауға арналған цифрлық платформа. Жүйе өндірістік экологиялық бақылау есептеріндегі, автоматтандырылған мониторинг жүйелеріндегі, тексерулер, бұзушылықтар, нұсқамалар мен айыппұлдар туралы деректерді біріктіреді. Платформа әртүрлі көздерден алынған көрсеткіштерді салыстыруға, нормативтерден асып кетулерді, ауытқулар мен сәйкессіздіктерді анықтауға, кәсіпорындардың тәуекелдерін бағалауға және талдамалық материалдарды ыңғайлы көрнекі форматта қалыптастыруға мүмкіндік береді.