«Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
«Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның жай-күйі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.
Экологиялық ақпарат Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры деректер базасынан ұсынылады.
Көрсету тәртібі және бас тарту негіздері, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне шағымдану Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №130 бұйрығымен бекітілген «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі:
«Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы құжат тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электронды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – тегін жүзеге асырылады.
Жұмыс тәртібі: «Электрондық үкімет» веб-порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі»:
- Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тек өтініш ұсынылады.
Анықтамалық: Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры деректер базасымен http://ecogosfond.kz «Бірыңғай экологиялық интернет-ресурстың» «Экологиялық ақпарат түрлері» бөлімінде танысуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметті берушінің байланыс телефоны: 8 (7172) 72-53-91, 87782293812.
«Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті реттейтін нормативті құқықтық акті: