Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII съезі өтуде | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII съезі өтуде

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр.

Алқалы жиынға 2 мыңнан аса делегат қатысуда. Съезді ашқан Мемлекет басшысы 17 жылда партия халық алдындағы міндеттерін мерзімінен бұрын орындағанын атап өтті. Өткенге көз жүгірткен Президент осы жылдар ішінде партия көш жаршысына айналғанын, ел экономикасы, мемлекет пен қоғамның нақты жетістіктеріне сүбелі үлес қосқанын тілге тиек етті. Елдің экономикалық көрсеткіштерін саралаған Елбасы ұлттық экономиканың ауқымы 23 есе ұлғайғанын, соңғы 6 жылда жаңа 28 саланың пайда болғанын, 890 өндіріс іске қосылғанын жіктеп берді. Бүгінгі съезд барысында партия алдына жаңа бағдарлама аясында нақты міндеттер жүктелмек. Сонымен қатар бүгін жетекші ұйымның «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданбақ. Бағдарлама қабылданғаннан кейін 20 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілетін болады.

Дерексөз: 24.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика