Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығының базасында 2016 жылдың 13 – 15 сәуірі аралығында Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығының базасында 2016 жылдың 13 – 15 сәуірі аралығында Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) базасында 2016 жылдың сәуір айының 13 – 15 аралығында Астана қаласында «Экологиялық аудит» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.

Білімдерді қорытынды бағалау нәтижелері негізінде тыңдаушыға ҚР Энергетика Вице-министрінің қолымен ведомствалық үлгідегі куәлік беріледі.

Сонымен қатар, Орталық семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды – соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық кодексі, «Eсo-info» (CD-диск және 1500 астам құжаттар) электронды тасымалдауышта қоршаған ортаны қорғау саласының электронды базасы. Өтінімдер www.iacoos.kz интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде семинардың басталуына 3 күн қалғанға дейін қабылданады.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-93-35 телефоны арқылы Орталық мамандары Фариза Шымшықоваға және Данагүл Абикеге (pkkiac@mail.ru) хабарласа аласыздар.

Тіркеу нысаны 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика