«Бекіре-2014» акциясының барысы мен балық ресурстарын өсіру шаралары туралы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Бекіре-2014» акциясының барысы мен балық ресурстарын өсіру шаралары туралы

Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы жалғасуда.

2014 жылдың 28 сәуірінде Атырауда акцияның үйлестіру штабының кезекті отырысы өткізілді. Онда өткен аптада атқарылған жұмыс қортыландыланып, алдағы 7 күнгі істер жоспарланды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 451 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, Олардың 113-і өрескел бұзушылыққа жатқызылды. 40 заң бұзушылық балықты заңсыз тасмалдаумен, 6 – балық ресурстарын заңсыз сату және сатып алумен, 2-і – кемемен жүзу режимін бұзумен байланысты.

Әкімшілік жауапкершілікке 311 адам тартылды.

Балық қорғау акциясы басынан 30 қылмыстық іс қозғалып, олардың 14 сот органдарына жолданды.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұлғаларға 2,9 млн. тенге әкімшілік айыппұл салынды. Балық ресурстарына келтірілген залал шамамен 4 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Құқық бұзушылардан 21 тоннада астам балық ( оның ішінде 573 кг бекіре тұқымдас балық түрлері және 5,9 кг уылдырық), сондай-ақ 105 дана жүзу және 479 аулау құралдары тәркіленді.

Биылғы уылдырық шашу маусымында өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, браконьерлік деңгейінің төмендегені байқалады. Бұл нәтиже халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен және заңсыз балық аулаумен күресу шараларының күшеюімен байланыстырылып отыр.

Балық қорғау, прокуратура, ішкі істер, көліктік бақылау органдарының және шекара қызметінің бірлескен іс-қимылдары мен су айдындарын аулардан тазарту жұмыстарын жүргізу арқасында бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырық шашу орындарына сәтті өрістеп жатқандығын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, балық ресурстарын өсіріп, су айдынға жіберу бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру аясында 92бекіре тұқымдас балық ауланды, (8 қортпа, 6 орыс бекіресі, 78 шоқыр). Олардың шабақтары алынып, өсірілгеннен кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу мақсатында Атырау облысындағы бекіре балығын өсіру зауытына жеткізілді.

Бекіре уылдырығынан шабақтарды өсіріп, су айдындарына жіберу бойынша биылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі 7 млн. дана балық құрайды. Қазіргі кезде Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытында қортпа балығынан алынған 2 млн. астам уылдырық ұрықтандырылып, инкубациялық аппараттарға салынды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика