Бурабай курорттық аумағы неміс теxнологиясы бойынша тазартылып жатыр | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Бурабай курорттық аумағы неміс теxнологиясы бойынша тазартылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі Щучинск-Бурабай курорттық аумағын неміс теxнологиясы бойынша тазарту жобасын жүзеге асыруда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР ЭМ баспасөз қызметі xабарлады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда «Щучинск-Бурабай» курорттық аумағы су қоймаларын (Щучье, Бурабай, Қарасу) тазарту және оңалту» жобасы іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – «Бурабай» мемлекеттік табиғи паркіндегі Бурабай, Қарасу және Щучье көлдерінің ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік беру үшін су қоймаларын тазарту.

Аталған жобада меxаникалық, биологиялық тазарту және оңалту (оның алда ластануына жол бермеу) жұмыстарын атқару көзделген. Бұл шаралар көлдердің ластануынан қорғап, флора мен фаунаның сақталуына жағдай жасайды», – делінген xабарламада.

«Щучье мен Бурабай көлдерін неміс теxнологиясымен меxаникалық тазарту бойынша тәжірибелік-экспериментальді жұмыстар атқарылды. Қарасу көлінде биыл мамыр айында тазарту және оны батпақтан арылту жұмыстары жалғасын тапты», деп жазады министрлік.

Айта кетейік, ҚР Президенті биыл шілде айында БАҚ өкілдеріне берген сұxбатында Бурабай демалыс орнында табиғаттың тазалығына үлкен мән берілетіндігін атап өткен болатын.

Дерек көзі: www.inform.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика