Павлодар облысында Солтүстік өндірістік аймақта сынап мөлшерін анықтау үшін 3,5 млн теңге бөлінді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Павлодар облысында Солтүстік өндірістік аймақта сынап мөлшерін анықтау үшін 3,5 млн теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 2016 жылы Солтүстік өндірістік аймақта сынаптың мөлшерін анықтау үшін 3,5 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. –  Биыл аталмыш жұмыспен «Каустик» АҚ-ның арнайы зертханасы айналысып жатыр. Осы күнге дейін зертхана қызметкерлері құрал-жабдықты зерттеу жүргізді. Жалпы, атмосфералық ауаның  28 сынамасы, 12 топырақ сынамасы, 72 жер асты су сынамасы алынды.  Бұдан басқа мамандар Былқылдақ өзенінде жоғары қабаттың суы және саңылаудан су сараптамаға алынды, – деді  Әйгерім Қабылтаева.

 Нәтиженің қорытындысына сәйкес ауадағы сынаптың мөлшері шамадан асқан жоқ. Айта кетерлігі, 2005 жылдан бастап басқарма жыл сайын табиғатты қорғауға бағытталған Солтүстік өндірістік аймақта сынаптың мөлшері бойынша сараптама жүргізіп отырады. Соңғы рет алынған сынамалардың нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады.

Дерек көзі: www.inform.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика