ҚР ҚОСРМ және «Казахрыбхоз» қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандум қабылданды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ҚОСРМ және «Казахрыбхоз» қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандум қабылданды

2014 жылдың 6 маусымында Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОСРМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңесінің балық шаруашылығы секциясы отырысын өткізді.

Кеңес отырысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының басшылары, сондай-ақ, «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Басқосу барысында Орал-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балық популяцияларын сақтау және қалпына келтіру шаралары, спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыту, сондай-ақ бөтен кірме балық түрлерінің Балқаш-Іле су бассейніне инвазиясына қатысты проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі және «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы арасында балық ресурстары мен су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ынтымақтастығы және өзара әрекеттесуі жөніндегі меморандум қабылданды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров және «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Владимир Бобров қол қойды.

Меморандумның мақсаты – мемлекет пен қоғамның балық ресурстары мен су жануарларын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау және оларды тұрақты пайдалануда, тиімді және заң талаптарына жауап беретін басқарушы шешімдерді қабылдауда, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайларды болдырмау ісіндегі күштерін біріктіру.

Меморандум шеңберінде тараптар заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдай жасау, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізу, балық ресурстары мен су жануарларын аулауға квотаны бөлу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және балық аулау туризмін дамыту, балық ресурстары мен су жануарларының жаппай ауыруы, қырылу, тұншығу қаупі және басқа себепті жағдайларда құтқару шараларын өткізу, кадрларды дайындау және білімді тарату жүйесін дамыту,  «Казахрыбхоз» өкілдерін балық қорғау акциялары мен рейдтік шараларына  қатысуға тарту, сыбайлас жемқорлықтың фактілерін анықтау және алдын алу, сондай-ақ, семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға және съездерге қатысу мәселелері бойынша ынтымақтастықтарын нығайтып, өзара әрекеттеседі.

 

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика