Бірнеше туркомпания «ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алу үшін келісімшартқа отырды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Бірнеше туркомпания «ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алу үшін келісімшартқа отырды

Дереккөз: www.24.kz

e972e088ef0367f0088656fd6ebc1c16_l

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур операторлар Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», CITS, Alessandro Rosso Group, Monaco Ukraine Group және т.б. туроператорлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром т.б.) ұйымдастырылды.

Ақпараттық тур «Астана ЭКСПО-2017» бұл бағыттағы серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне 74 мың билет сатып алуға 5 туркомпаниямен келісімшартқа қол қойылды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика