Қарағандылық кәсіпорын «Энергиялық тиімділікті арттыру» аталымында үздіктердің бірі болды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қарағандылық кәсіпорын «Энергиялық тиімділікті арттыру» аталымында үздіктердің бірі болды

Дереккөз: www.24.kz

f63f03d40f01beb40a7c93173493fa87_l

Қарағандының таза металдар зауыты «Online Expo-2017» республикалық байқауында үздік атанды. Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан 600-ден астам жоба түсті.

Қарағандылық кәсіпорын «Энергиялық тиімділікті арттыру» аталымында үздіктердің бірі болды. Енді ол зауыт металлургиялық кремний өндіреді. Жаңа нанотехнологиялардың көмегімен рексил өнімі де шығарыла бастайды. Бұл ағаш көмірдің бір түрі. Қазір зауыт рексилді сынақ түрінде шығарып жатыр. Кәсіпорын бастапқы кезеңде жылына 2 мың тонна кремний мен 3,5 мың тонна рексил шығаруды жоспарлап отыр. Тиімді жоба қоршаған ортаны сақтауға бағытталған.

Владимир Щебентовский, жобаны басқарушы:

– Рексил өндіру және электр қуатын өндіріп шығару барысында қоршаған ортаға зиянды заттар он есе аз бөлінеді. Бұл кез келген жылу электр орталығынан шығатын залалдан әлдеқайда аз. Біз электр қуатын көмірді жағу арқылы емес, рексилді өндіру барысында алынатын синтезгаздан аламыз. Ауаға бөлінетін залалдың мөлшері аз және күлдің қалдығы болмайды. Болашақта қалдықсыз өндіріске көшеміз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика