Қазақстанда алғаш рет экологиялық дәліз құрылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстанда алғаш рет экологиялық дәліз құрылды

Қазақстанда жалпы ауданы 2 миллион гектардан артық «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізі құрылды.

Экологиялық дәліз Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қамтиды (Қостанай облысы). Бұл аумақтар киіктердің бетпақдалалық популяциясының табиғи өрістеу жолдарын қорғау мен төлдеуін қамтамасыз ету мақсатында байланыстырылып отыр.

Экологиялық дәлізді құру барысында далалық экожүйелердің, топырақтың, климаттың жағдайы ескеріліп, киіктерді ғарыш серігінен бақылау мәліметтері қолданды. Ғылыми мәліметтер мен картографиялық материалдардың сараптамалары экологиялық дәліздің аумағын анықтап, белгілеуге мүмкіндік берді.

Бұл жұмыс Жаһандық экологиялық қордың, БҰҰ Даму бағдарламасының және ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің далалық экожүйелерді сақтау және орнықты басқару жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру аясында жасалды.

Нәтижесінде қорғауға алынған дала экожүйелерінің аумағы 2,4 миллион гектардан 4,8 миллион гектарға дейін ұлғайды.

Биыл жүргізілген есеп бойынша, киіктердің бетпақдалалық популяциясын 216 мың жануар құрайды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз  қызыметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика