Дереккөз: www.24.kz
«Жасыл» экономиканың дамуы алдағы 20 жылда қосымша 60 млн жұмыс орнының ашылуына түрткі болады. Оның «жасылдануы» бизнес пен еңбек нарығына жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Статистикалық деректерге көз салсақ «жасыл» экономиканың дамуымен қоса нарықта экодизайнер, экоқұрылысшы, «жасыл» кеңесші деген мамандарға сұраныс артып отыр. Сондықтан жастар білім мен ғылым, техниканың тілін жетік меңгеріп, экологиялық таза дүниелерді жасауға ұмтылуда. Бүгінгі шығарылымды елімізде осы бағытта жұмыс жасап жатқан жас өнертапқыштарымызға арнаймыз.