Словакиямен Көрмеге қатысу жөніндегі шартқа қол қойылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Словакиямен Көрмеге қатысу жөніндегі шартқа қол қойылды

Дереккөз: «Астана ЭКСПО-2017»

ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырушысының кеңсесінде  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовтің Словакия Республикасы Ұлттық секциясының комиссары  Патриция Жачиковамен кездесуі өтті, кездесу барысында Словакияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы жөніндегі шартқа қол қойылды.

 Кездесу барысында  екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін сөз етті. Ахметжан Есімов словакиялық тарапты Көрмеге дайындық және көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, ұлттық компания Басқармасының Төрағасы қазіргі уақытта 7 мемлекеттің өкілдеріне павильондар толтыру және контент үшін табысталғандығын  және таяудағы уақыттарда бұл жұмыстың жалғаса беретіндігін жеткізді.

«Шарт жасасуды біз екі ел арасынағы экономиалық қарым-қатынастардың дамуындағы кезең деп бағалаймыз. Бұл Словакияны бүкіл әлемге өнеркәсіптік дамыған ел ретінде таныстырудағы маңызды қадам. Біз энергетика саласындағы құрылыс және жаңғырту, жаңартылатын энергия көздері облысындағы арнайы технологиялар бойынша словакиялық компаниялардың көптеген таныстырылымдарын дайындағымыз келеді».

Кездесу қорытындысы – ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Словакияның қатысу туралы шартқа қол қойылды.

Естеріңізге сала кетелік, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге 5 миллион шамасында адам келеді деп күтілуде.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика