«Болашақ энергиясы» байқауының жеңімпазы анықталды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Болашақ энергиясы» байқауының жеңімпазы анықталды

Дереккөз: «Астана ЭКСПО-2017»

Астана қаласы, 2016 жылғы 21 желтоқсан

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ҚР Энергетика министрлігімен бірлестікте қазақстандық өнертапқыштар арасындағы «Болашақ энергиясы»  республикалық байқауын қорытындылады. Интернет пайдаланушыларының пікірлері бойынша, Марат Исекеевтің «Роторлық типтегі көпдеңгейлік көпқатарлы жел станциясы» жобасы ең үздік болып танылды. Жел станциясы өтпе жел әсерін пайдаланады, оның есебінен қондырғы электр энергиясын оған ұқсас қондырғылармен салыстырғанда 30-50%-ға артық өндіреді. Республикалық байқау жеңімпазын  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құттықтады.

«Біз үшін ел өңірлерінің барлығы дерлік, барлық ғалымдарымыз, жаңашылдарымыз белсенді қатысқан бұл байқау біздің елімізде инновациялардың дамуына қозғаушы күш болатындығы қуантады және оның үстіне 2017 жылы Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында аса ірі инновациялық алаңға айналатындығын атап өту көңіл сүйсіндіреді. Біздің отандық ғалымдарымыздың озық технологияларын бүкіл әлемге көрсетуімізге мүмкіндік туады, осы орайда бүгін ғалым Марат Исекеевті осы марапатымен құттықтау мүмкіндігі мен үшін үлкен құрмет. Оның жобасы отандық ғалымдарымыздың 28 жобасының қатарында ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында, Қазақстан» павильонындағы «жасампаз энергия» аймағында таныстырылатын  болады», – деді Е.Шорманов.

Байқауға барлығы жүзге тарта өтінім келіп түсті. Олардың арасынан сараптамалық комиссия 50 жобаны іріктеп алды, олар www.yourexpo.kz сайтына орналастырылды. Өнертапқыштар мен жаңашылдар арасындағы тартыс осы сайтта өтті. Сайтта орналастырылған жобалар үшін, жалпы алғанда, 55 мыңдай адам дауыс берді.

«Сайт бірнеше қайтара дауыс беруден қорғалды. Сондықтан біз байқау қорытындысы, бүгінгі жеңімпаз объективті дауыс беру нәтижесінде анықталды деп есептеуімізге болады ойлаймыз. Айта кетерлік жай, Марат Исекеев өтінімді жуырда ғана берді, алайда оның өнертабысы дауысты аса екпінді түрде жинап, бірінші орынға озып шықты. Оған дейін қызықты идея ұсынған алматылық өнертапқыштар ұзақ уақыт бойы алда келген болатын», – деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Естеріңізге сала кетелік, жеңімпаздың жобасы 2017 жылы Көрмедегі ҚР Ұлттық павильонында көрсетілетін болады.

Байқау жеңімпазы туралы анықтама:

Исекеев Марат Мұхаметқалиұлы, техника ғылымдарының кандидаты,  компьютерлік технология және логистика кафедрасының профессоры, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы жанындағы «G-Global» жастар штабының жетекшісі.

60 жастағы  Марат Исекеев республикалық байқауға «Роторлық типтегі көпдеңгейлік көпқатарлы жел станциясы» атты жоба ұсынды.

vak_6361

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика