Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын ресми растады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын ресми растады

Дереккөз: «Астана ЭКСПО-2017»

Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA)* «ЭКСПО-2017» қатысуын ресми растады. Бұл туралы IRENA бас директоры Аднан Амин 12 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаевпен Әбу-Дабиде өткен кездесуде мәлімдеді.  А. Амин осының дәлелі ретінде Р. Жошыбаевқа ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атына тиісті хат тапсырды.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестік перспективасы, соның ішінде ірі халықаралық алаңдарда көрме тақырыбын бірлескен кешенді жылжыту мәселесі талқыланды.

Р. Жошыбаевтың Біріккен Араб әмірліктері Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Ахмад аль-Джерманмен кездесуі барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері қаралды. Ахмад аль-Джерман эмират тарапының инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Қазақстанмен үкіметаралық келісімге жақын арада қол қоюға дайын екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар Қызметтік және арнайы төлқұжаттары бар азаматтардың өзара визасыз сапары туралы хаттамаға қол қою,сондай-ақ екі елдің азаматтары үшін виза талаптарын толықтай жою туралы келіссөз процесіне бастама көтеру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. «ЭКСПО-2017» көрмесін араб елдерінде ақпараттық-имиджтік сүйемелдеуге дайындығы туралы Эмират тарапының сендіруі Р. Жошыбаевтың БАӘ Ұлттық медиакеңесінің бас директорының орынбасары Салем аль-Америмен кездесуінің тағы бір қорытындысы болып табылды.

Абу-Дабиде Р. Жошыбаев сондай-ақ Эко қалалардың дүниежүзілік саммитіне қатысты. Ол «ЭКСПО-2017» тұсаукесерін таныстырған сәтте Астанада өтетін бұл көрме баламалы энергетиканы әзірлеуге және пайдалануға маңызды үлес қосатынын, ең озық әлемдік технологияларды ұсынуға мүмкіндік беретіндігін және XXI ғасырда энергетикалық тиімді бағдарламаларды ілгері жылжытуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

20161221162950

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика