Астанада бельгиялық компанияның ЭКСПО-2017-ге қатысу мәселесі талқыланды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Астанада бельгиялық компанияның ЭКСПО-2017-ге қатысу мәселесі талқыланды

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ғимаратында «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаевтың «ЭКСПО-2017»-ге Бельгияның атынан қатысатын танымал велошабандоз, «CMI Group» корпорациясының комиссары Андрей Кашечкинмен кездесуі өтті, деп хабарлады комиссардың хатшылығы.

Кездесу барысында бельгиялық компанияның ЭКСПО-2017-ге қатысуы мен Бельгия елінің туристерін 2017 жылы Астанаға тарту туралы мәселелер талқыланды. Комиссар «ЭКСПО-2017»-ге бельгиялық компанияны тартуда және көрменің шетелдегі тақырыбын арттыруда Андрей Кашечкиннің рөлі зор екендігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде, Жошыбаев Кашечкинге мемлекеттігімізді қалыптастыруға, егемендігімізді нығайтуға және ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін табыс етті.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика