Дереккөз: 24.kz
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үкіметке осындай жаңа ведомство құру туралы тапсырма жүктелді.
Сонымен бірге елімізде бірқатар министрлік қайта құрылды. Халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне беріле отырып, Ұлттық экономика министрлігі қайта құрылды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірқатар функциясы мен өкілеттігі Ішкі істер министрлігіне беріліп, қайта ұйымдастырылды.