ШҚО-дағы сынақ алаңында жабайы жануарлар көбейді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ШҚО-дағы сынақ алаңында жабайы жануарлар көбейді

Дереккөз: www.24.kz

8845b9656ef70e57c2ec1e27c8721396_l

Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей ядролық сынақ алаңы аумағында жабайы жануарлар көбейе бастады.

Өткен жылы ғалымдар Дегелең тауынан Қызыл кітапқа енген арқарлар тобын байқаған. Атом салдарынан бүлінген көлдерде бүгінде балықтар пайда болған. Еліміздегі ұлттық ядролық орталық мамандары бұрынғы полигон аумағында жабайы жануарлардың көбеюінің себебін түсіндірді.

Эрлан Батырбеков, ҚР ҰЯО бас директоры:

– Мүмкін ол жерде өмір сүру қолайлы бола бастаған шығар. Біз Дегелең аумағына арнайы қорған орнаттық. Онда қорғаныстың үш деңгейі қарастырылғандықтан, қазір ешкім бара бермейді. Сондықтан, жабайы жануарлар үшін ол аймақ қолайлы, әрі қауіпсіз болған шығар.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика