Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Дереккөз: www.24.kz

ca253841f3d696edd480df824f08041c_l

Универсиада ойындарының соңғы күндері Алматы облысында күн ашық болады.

Түнде аяз білінгенімен, күндіз жылы. Дегенмен, синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғуы ықтимал. Шығыс, орталық және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмағанымен, ауа температурасы күрт төмендейді. Түнгі уақытта 33 градусқа дейін суытады.

Айдана Абыхан, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Ертең елордамыз Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнгі ауа температурасы – 17-19, күндіз 9-11-ді құрайды. Ал 8 ақпанда таңертең және күндіз қар жауады. Бұрқасын болады. Және желдің күші 15-20 м/с дейін болуы ықтимал. Түнгі ауа температурасы – 20-22, күндіз 13-15-ті құрайды. 9 ақпанда көшпелі бұлтты. Кей уақыттарда қар жауады. Түнгі ауа температурасы және күндізгі ауа температурасы 13-15-ті құрайды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика