Қазақстан Президенті Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан Президенті Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

32aeb8cf2027dadf1fe5bcec948dc1f6

Дереккөз: akorda.kz

Мемлекет басшысына энергетика саласын дамытудың басты көрсеткіштері және осы сектордағы жобаларды одан әрі жаңғырту жоспарлары туралы баяндалды.

Кездесу барысында Елбасы энергетикалық шикізат өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру қажеттігіне назар аударды.

– Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары басталды. Теңіз кен орнының аясын кеңейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Қарашығанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Осыған байланысты мұнай өндіру және оны қайта өңдеу көлемін арттыру қажет. Бұл үшін біз мұнай өңдейтін үш зауытты қайта жаңғыртып жатырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті газ өндіру, елді газдандыру жұмыстарын жүргізудің, Балқаш жылу электр стансасының құрылысына қатысты мәселелерді шешудің, сондай-ақ энергетика саласындағы нысандарды жекешелендірудің маңыздылығын атап өтті.

Энергетика министрі энергия ресурстарын өндіру жөніндегі жоспардың жекелеген көрсеткіштер бойынша артығымен орындалғаны, сондай-ақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты артқаны туралы хабарлады.

– Мұнайды өндіру жоспары 75,5 миллион тонна болса, өндірілген мұнайдың нақты көлемі 78 миллион тоннаға жетті. Қашағандағы мұнай өндірісі есебінен жоспардың артығымен орындалғаны байқалады, онда былтыр 1 миллион тоннаға жуық мұнай алынды. Мұнай экспортын 62 миллион тоннаға дейін арттырдық, оның 40 миллион тоннасы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданды. Мемлекет қолдауының арқасында алғаш рет 325 мың тонна битум қайта өңделді. Сұйық газ өндірісінің көлемі 136 тоннаға артты, – деді Қ.Бозымбаев.

Сонымен бірге Энергетика министрі Мемлекет басшысына өндірушілер мен трейдерлер арасындағы келісім нәтижесінде автожүргізушілер қажеттілігі үшін жеткізілетін сұйық газ көлемін арттыру, электр энергиясын экспорттау жағдайы, геологиялық барлау жұмыстарын күшейту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ тұтыну нарығындағы күрделі конъюнктураға байланысты уран өндіру көлемін азайту преспективалары туралы баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика