ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 24-26 мамыр аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 24-26 мамыр аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Алматы электр станциялары» АҚ, «АВ Petroleum Capital» ЖШС, «Nova Цинк» ЖШС, «Институт Карагандинский Промстройпроект» ЖШС, «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ. ҚОӘБ ұйымдастыру және өткізу рәсімі;
  • Мемлекеттік экологиялық сараптама. Экологиялық сараптама саласындағы экологиялық заңнамадағы жаңашылдық;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласындағы даму перспективасы;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы;

Асербаева Гаухар Ризабековна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы.

Семинар соңында куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика