2017 жылдың 21-23 маусым аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2017 жылдың 21-23 маусым аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 21-23 маусым аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Өскемен қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Kazfoam» ЖШС,  «Семей цемент зауыты» ӨК ЖШС,  «Эталон» фирмасы ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС,  Өскемен қаласы әкімдігінің Өскемен су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Manka» ТКК» ЖШС,  «Казцинк» ЖШС, «Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Востокэнерго» ЖШС, «ЛАБОРАТОРИЯ-АТМОСФЕРА» ЖШС, «Риддер ТЭЦ» АҚ, «Согринская ЖЭО» ЖШС, «Қазақцемент» ЖШС, «Восток-Асфальт» ЖШС, «Өскеменарнайыкоммунтранс» ЖШС, «Сарытас» ЖШС, «Востокмашзавод», АҚ, «Қаражыра» АҚ, «Sinooil»  ЖШС Шығыс Қазақстандық филиалы, «BAURGOLD» тау кен өндіру кәсіпоны» ЕЖШС, С. А. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, «Экология-жастар-бастама-даму» ҚҚ.

 Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;
  • Мемлекеттік аналитикалық бақылау;
  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат және т.б.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика