Министр Серікқали Брекешев ГФР Елшісі Моника Иверсенді қабылдады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Министр Серікқали Брекешев ГФР Елшісі Моника Иверсенді қабылдады

2021 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ГФР Елшісі Моника Иверсенді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар геология, климаттың өзгеруімен күрес және экономиканы декарбонизациялау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Елдер арасында климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында белсенді ынтымақтастық жүргізілуде. Біздің еліміз 2060 жылға қарай көміртегінің бейтараптығына қол жеткізуге ниетті. Осыған орай, 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі Доктринаны әзірлеуге жәрдемдесуде халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамына алғысымды білдіргім келеді», – деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, Серікқали Брекешев Қазақстан Үкіметі Германия компанияларымен бірлесіп, іске асыру үшін әлеуетті жобаларды талқылау бойынша тұрақты диалог жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярдың төрағалығымен ай сайын Германия бизнесімен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының онлайн-іс-шаралары өткізіледі. Осыған байланысты Германия компанияларының озық тәжірибесін назарға ала отырып, қалдықтарды кәдеге жарату, ауыз сумен жабдықтау, сондай-ақ Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша неміс тарапын ынтымақтастыққа шақырғым келеді», – деп атап өтті Министр.

Өз кезегінде, Елші Моника Иверсен ханым «Жасыл Орталық Азия» өңірлік саяси диалогы шеңберіндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті, оның негізгі бағыттары климаттың өзгеру әсерін бағалау, су ресурстарын трансшекаралық басқару, қалдықтарды кәдеге жарату, Орталық Азия елдерімен алдын алу шараларын әзірлеу болып табылады.

Германия да Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастар бүгінгі күні тұрақты нығайту серпінімен және федералдық және өңірлік деңгейлерде өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін іздестірумен сипатталады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика