Қызылордалық күрішшілер тағы рекорд жаңартты | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қызылордалық күрішшілер тағы рекорд жаңартты

Дереккөз: www.24.kz

Қызылордалық күрішшілер бесінші жыл қатарынан рекорд жаңартып отыр.

Диқандар бұл жолы Сыр маржанының әр гектарынан 55,3 центнерден өнім алды. Осылайша облыс тарихында алғаш рет жарты миллион тоннадан астам астық қамбаға құйылды. Жалпы биыл Ақмешіт атырабында 181 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 91 мың гектары күріштің үлесінде. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында өңір агрокешені ілгерілей бастаған. «Жердің мелеративтік жағдайын жақсартып, егін алқаптарына лазерлік тегістеу технологиясын енгізу өнімділіктің артуына әсер етті», – дейді мамандар.

Бақыт Жаханов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: 

– Биылғы жылдан бастап бірегей тұқымға, супер элита, элита тұқымға аса мән беріп жатыр. Қазір соған субсидия төлеу, сонымен қатар бірінші репродукциялық тұқымға да субсидия төлеу мәселесі қарастырылған. Субсидияның да көлемі ұлғайтылды. Оған шетелдік сорттарды, өзіміздің де сорттарды енгізіп отырмыз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика