Орхус конвенциясы – «ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы» БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының конвенциясы.
Конвенция мақсаты – қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуы, ақпаратқа қол жеткізу, адамның денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн қолайлы қоршаған орта, адам құқығын қолдау.
Орхус конвенциясы жұртшылықтың қатысуының негіз болатын үш қағидасымен құрылған:
- Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу.
- Экологиялық маңызды шешiмдерді қабылдауда жұртшылықтың қатысуы.
- Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу.
Қазақстан ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенцияны ратификациялады (Орхус конвенциясы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы № 92-II Заңы).
Конвенция барлық негіз болатын үш қағидасы аясында жұртшылықтың құқықтарын қолдау және іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар міндеттер жүктейді. Конвенцияны орындауда уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады.
Орхус конвенциясын іске асыру мақсатында 2009 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК базасында (ҚР Қоршағанортаминінің №35-ө бұйрығы) Орхус орталығы құрылды және орталық келесі қызметтерді жүргізеді:
- жеке және заңды тұлғалардың сұранымдары бойынша қол жетімді экологиялық ақпарат беру;
- БАҚ жариялымдар, радио мен телевизияда сөз сөйлеу, жарнама компанияларын өткізу, сонымен қатар, жоспарланған және өткізілген қоғамдық тыңдауларды ақпараттық сүйемелдеу;
- Орхус орталығының aarhus.kzвеб-сайтында экологиялық ақпаратты орналастыру.
Орталық ҚР ҚОСРМ келісуі бойынша Орхус конвенциясының ережелеріне сәйкес ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзуді қамтамасыз етеді.
Орталықтын негізгі міндеттері:
- жұртшылықтың қоршаған орта жағдайы туралы, қоршаған ортаға айтарлықтай әрекет ететін жоспарланған және жүзеге асырылатын қызметтер туралы толық әрі нақты ақпаратты уақытылы алудың құқығын қамтамасыз ету;
- Жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасында өзара байланыс орнату;
- Конвенция ережелерін іске асыру бойынша өз міндеттерін орындауда үкіметтік ұйымдар мен қызметшілерге тәжірибелік көмек көрсету;
- Қазақстанда және әлемде экологиялық проблемалар туралы жұртшылықты ақпараттандырудың деңгейін арттыру және экологиялық білім беру;
- қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау үрдісінде жұртшылықтың қатысуына ықпал ету;
- Конвенция ережелерін жүзеге асыру саласында халықаралық тәжірибені меңгеру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Орталықтың негізгі қызметтері:
- заңды және жеке тұлғалардың сұранымдары бойынша қол жетімді экологиялық ақпарат беру;
- жеке және заңды тұлғалардың экологиялық мәселелер (проблемалар) бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу және шешiмдер қабылдауға қатысуы, экологиялық ақпаратқа қол жеткізуде олардың құқықтарын қолдану бойынша кеңес беру;
- қызметкерлердің біліктілік деңгейлерін арттыруды енгізе отырып оқыту іс-шараларын өткізу (семинарлар, қоғамдық дәрістер);
- БАҚ жариялымдары, радио мен телевизияда сөз сөйлеу, жарнама компанияларын өткізу;
- экологиялық ақпаратты жинау , толтыру, жүйелеу, сақтау және тарату;
- экологиялық ақпаратты интернетте орналастыру;
- Орхус конвенциясын жүзеге асыру бойынша жобаларды және іс-шараларды әзірлеуде көмек көрсету;
- Заңды және жеке тұлғаларға қоршаған орта стратегиясы саласында нормативті-құқықтық актілерге, бағдарламаларға, жоспарларға қол жеткізуге және оларды қоғамдық талқылауды ұйымдастыруға ықпал ету болып табылады.
Орхус конвенциясы Хатшылығымен байланыс Орхус конвенциясы жауапты лауазымды тұлғасы, үйлестірушісі арқылы жүзеге асырылады. Орхус конвенциясы Хатшылығымен ынтымақтастығына:
– белгіленген үлгілер мен рәсімдерге сәйкес республикада Орхус конвенциясын жүзеге асыру туралы есептер мен баяндамаларды дайындау және ұсыну;
– Орхус конвенциясын жүзеге асыруда нұсқаулықтарды, ұсыныстарды қолдану;
– Орхус конвенциясы тараптарының кездесулеріне, конференцияларына, семинарларына қатысу;
– Орхус конвенциясы тараптары кездесулерінің шешімдерін орындау кіреді.
«Жасыл даму» бағдарламасына сәйкес ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері хаттамасына қосылу мүмкіндігі қарастырылады. Хаттама шаруашылық объектілерімен қоршаған ортаның ластануы туралы ақпаратты реттеуге және осы салада жұртшылық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Ұлттық ЛШТТ-н құру Хаттамаға сәйкес айтарлықтай дәрежеде экологиялық есептің барлық нысандарын дайындау үшін қажетті деректерді жинауды жеңілдетеді. Ұлттық Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін әзірлеу және жүргізу бойынша жұмыстар басталды.
Қазақстанда бүгінгі таңда 8 Орхус орталығы жұмыс жасайды:
- «Бурабай Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Маңғыстау Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Алматы Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Қызылорда |Орхус орталығы» ҚҚ;
- «Қазақстан Орхус комитеті» ЖҚ;
- «Жайық-Каспий Орхус орталығы» КҚ;
- «Астана Орхус орталығы» ҚҚ.