Алматы облысындағы жаңа су электр станциясы Жетісуды жарықпен толық қамтамасыз етеді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы облысындағы жаңа су электр станциясы Жетісуды жарықпен толық қамтамасыз етеді

Дереккөз: www.24.kz

ad04ab98c23fe3b7bd71d448c638487f_l

Алматы облысында 2025 жылға дейін 98 электр станциясы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асуы тиіс. Таяуда Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде Жетісу жерінде тағы бір су электр станциясы өз жұмысын бастады.

Текелідегі бұл СЭС қуаты жағынан облыстағы Мойнақ су-электр станциясынан кейінгі екінші орында. Жобаның жалпы қуаттылығы 28,5 мВт. Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына 200-ден аса адам жұмылдырылса, қазір 30-ға жуық маман еңбек етеді.

Бақтияр Өнербаев, Текелі қаласының әкімі: – Су электр станциясының екі жыл құрылысы жүрді. Таудың ортасынан тунель қазып, тесіп өтіп, құбырын жоғары жақта платина салынды, сол платина арқылы су жиналып, осы су элетр станциясының трубинасына құбыр арқылы алып келеді. Содан электр қуатын өндіріп алады.

Текелі қаласындағы Шажа өзенінің бойынан тағы бір су электр станциясы салынады. Құрылыс жұмыстары  келер жылы көктемде басталады. Жалпы Жетісу өңірі 2025 жылға дейін 98 электр станциясын іске қосуды жоспарлауда. Олар су, жел, күн және  биоэнергияны қолданбақ ниетте.

Әлімжан Тохтасунов, Алматы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

– 2025 жылға дейін бізде құжаттары бәрі дайын. Елбасының тапсырмасына сәйкес гидроэнергетика 3700 мВт электроэнергия береді.

Осылайша Жетісу өңірі энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, өзге өңірлерді электр қуатымен қамтамасыз ететін аймаққа айналмақ.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Олжас Байбосынов

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика