Маңғыстау облысында тың жобалар жүзеге асырылады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Маңғыстау облысында тың жобалар жүзеге асырылады

Дереккөз: www.24.kz

Биыл Маңғыстау облысында 30-дан астам тың жоба жасалады.

Бұл туралы актив жиынында облыс әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Агроөнеркәсіп саласына «ақылды технологияларды» енгізу арқылы 6 бірдей жоба іске асырылады. Ақтауда 15 мың тоннадай көкөніс сақтауға арналған 3 қойма салынады. Қарақия, Түпқараған және Мұнайлы ауданында тамшылата суару әдісімен жұмыс істейтін жылыжайлар бой көтереді. Сонымен қатар жалпы қуаты 24 МВт болатын үш бірдей күн және жел электр станциясы іске қосылады. Оның бірі Түпқараған, енді бірі Мұнайлы ауданында салынып жатыр. Үшіншісінің құрылысы алдағы көктемде Шетпе елді мекенінде басталады. Бұл жобалар өңірдегі электр энергиясын 5 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі: 

– Мемлекет басшысы жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керектігін атап айтты. Осы бағытта биыл 50 мектеп түлегіне грант бөлуді жсопарлап отырмыз. Олар жергілікті қазына есебінен ІТ-технологы сынды заман талабына сай мамандықтарды меңгеретін болады. Былтыр да өңірдің 50 баласы әкімнің грантына ие болып, бүгінде жаңа технологиямен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика