Еліміздегі жарамсыз жайылым жерлері қайтадан игеріледі | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Еліміздегі жарамсыз жайылым жерлері қайтадан игеріледі

Дереккөз: www.24.kz

496a5b9a863f2637c3963e1628422159_l

Еліміздегі 180 млн гектарды құрайтын жайылымдық жердің бүгінде 20 миллионы жарамсыз.

Тұз басып, құрғап кеткен. Осындай алқаптарды қайта игеру үшін халықаралық ауылшаруашылығы және азық-түлік ұйымы жаңа жобаны қолға алды. Оған елімізден бөлек Орталық Азиядағы төрт мемлекет пен Түркия қосылды. Олардың аймақтық кеңсесі бүгін Алматыда ашылды. Аталған алты ел ортақ жобаға жалпы сомасы 80 млн доллар қаржы салып отыр. Бес жылға жоспарланған бастама аясында құнарсыз жерлер жаңа технология бойынша зерттеледі. Нәтижесінде жайылым көлемі артып, мал өсіруге кететін қаржы үнемделеді екен. Отандық ғалымдардың айтуынша, еліміздегі құнарсыз жерлерді қайта игеру үшін бірінші кезекте су жүйесін реттеу керек.

Қайрат Нәжімеденов, Халықаралық АШ ұйымының Қазақстандағы өкілдігі басшысы:

– Біз бұл жоба аясында аймақтар мен елдімекендердегі жайылымды қайта қалпына келтіру үшін алдымен пилоттық жұмыстарды қолға аламыз. Өйткені әр аймақтың ауа райы, жасыл желегі әртүрлі. Сонымен қатар өткен ғасырда істен шыққан арықтарды қайта қалпына келтіреміз.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика