2018 жылдың 25-26 маусымы аралығында Атырау қаласында «SMART OIL & GAS: Цифрландыру.Технологиялар. Көшбасшылық» ірі халықаралық салалық саммиті өтеді. Саммит цифрлық мұнай-газ саласында тәжірибе алмасу үшін 7 қатысушы елден өкілдерді жинайды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылдың 25-26 маусымы аралығында Атырау қаласында «SMART OIL & GAS: Цифрландыру.Технологиялар. Көшбасшылық» ірі халықаралық салалық саммиті өтеді. Саммит цифрлық мұнай-газ саласында тәжірибе алмасу үшін 7 қатысушы елден өкілдерді жинайды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

«SMART OIL & GAS: Цифрландыру.Технологиялар. Көшбасшылық» Халықаралық саммиті 2018 жылдың 25-26 маусымы аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтеді.

«SMART OIL & GAS Eurasia: Цифрландыру. Технологиялар. Көшбасшылық» саммитінің басты тақырыбы – мұнай-газ секторын цифрлық түрлендіру. Саммит бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның үздік тәжірибесін және ең соңғы технологияларды қолданудың, басқарудың цифрлық моделіне көшу жағдайында мұнай-газ өнеркәсібі компаниялары үшін тиімді стратегияларды анықтаудың әлемдік кейстері қарастырылады.

Шетелдік және қазақстандық компаниялардың өкілдері ақпараттандыру саласындағы тәжірибелерімен бөліседі:

  • Эйнар Ландре, АТ жетекші аналитигі,Equinor (Statoil), Норвегия;
  • Шаруль Рашид, құралдар мен басқару – бас инженер, Petronas, Малайзия;
  • Камран Гумматов, SAP техникалық тобының басшысы және АТ шешімдерінің бас әзірлеушісі,SOCAR Polymer, Әзірбайжан;
  • Евгений Питолин, Орталық Азия мен Моңғолиядағы Касперский Зертханасының басқарушы директоры;
  • Йорг Тейс, Мұнай, газ және химия бойынша қызметтің жаһандық басшысы
  • Болат Нысанбаев, «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
  • Талғат Махамбетов, «ҚазМұнайГаз» БӨ » АҚ Ақпараттық технологиялар және ТПБАЖ департаментінің директоры

және басқалар.

«SMART OIL & GAS Eurasia: Цифрландыру. Технологиялар. Көшбасшылық» саммитінің шеңберінде «Теңізшевройл» ЖШС-ның цифрлық кен орнынатехнологиялық туржәне мұнай-газ саласы кәсіпорындарының киберқауіпсіздігі жөніндегі көшбасшыларына арналған бағдарлама өтеді: «Kaspersky industrial cyber-security (KIPS) стратегиялық симуляциясы: «OIL AND GAS» сценарийі». Тренинг шеңберінде мынадай мәселелер қарастырылады:

  • • Энергетикалық кәсіпорынның киберқауіпсіздігіне қатысты стратегиялық тәсілге қалай қол жеткізуге болады?
  • • Технологиялық қорғаудың стратегиясы қандай?
  • • АҚ-қорғауға инвестициялық бюджетті қалай қалыптастыруға болады?
  • • Кəсіпорынға кибершабуыл жағдайында БАҚ өкілдерімен уақтылы жұмыс жасау қаншалықты маңызды?

Тренинг жетекшісіЕвгений Питолин, Орталық Азия мен Моңғолиядағы Касперский Зертханасының басқарушы директоры

Саммиттің әріптестері ABB және Касперский зертханасы сияқты цифрлық мұнай-газ және киберқауіпсіздік мәселелеріндегі шешімдер саласындағы ірі әлемдік көшбасшылар болып табылады.

Саммиттің ұйымдастырушысы – Redenex – энергиялық тиімді және цифрлық технологиялар, заттар интернеті, үлкен деректер, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық зерттеу компаниясы.

Қосымша мәліметтер мен тіркелу:

http://smartoilandgas.kz/

Қосымша ақпарат алу үшін Саммиттің ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:

Тел.: +7 (495) 780 7198 (Мәскеу)

Тел.: +7 (7172) 696229 (Астана)

Emailinfo@redenex.com

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика