2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде ҚР Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде ҚР Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында (Швейцария) қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, CERN тарапынан – осы ұйымның Бас директоры Фабиола Джанотти қол қойды.

Ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге бар ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасының ғалымдары, инженерлері, студенттері мен техникалық мамандарына CERN ғылыми-зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін негіз салу мақсатында қол қойылды.

Қазақстанның CERN шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастығы еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта оң имиджін қолдау үшін үлкен мәнге ие екендігін атап өту қажет, ол өз кезегінде елдің ғылыми және инновациялық потенциалының дамуына әсерін тигізеді.

Жалпы CERN-мен ынтымақтастық теория мен тәжірибені біріктіруге, осылайша жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Маңызды тұсы: CERN-ге қатысушы елдердің жылдық жарнасы жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Мүше-мемлекеттің жыл сайынғы белгіленген жарнасы 13-14 млн.долларды құрайды. Бүгінде Германия (200 млн. евродан жоғары), Франция, Ұлыбритания және  Италия (100 млн. евродан жоғары) ірі донор болып табылады.

Қазақстан, өз кезегінде осындай ірі соманы төлемей-ақ CERN-нің түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізуге қатысатын мүмкіндікке ие болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.

Келісімге қол қойғаннан кейін Қазақстанның жас ғалымдары мен мамандары қолданыстағы қондырғыларда тағылымдама өтуге және ең ірі жобасы үлкен адрон коллайдері болып саналатын Ұйымның қондырғыларында жүргізілетін бірлескен тәжірибелеріне қатысуға мүмкіндік алады.

Жыл сайын еліміздің 50-ден аса магистр мен PhD докторлары CERN-ң түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізетін болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.

Сапар барысында қазақстандық делегация әлемдегі ең ірі эксперименталды қондырғы үлкен адрон коллайдерімен танысты.  Аталған қондырғыны құру және зерттеу жұмысына 100-ден астам мемлекеттен құралған 10 000 астам ғалым мен инженерлер тобы қатысады.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз сөзінде: «Қазақстанда казіргі уақытта ядролық ғылым мен техника саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер дамуда. Зерттеулерде Ядролық физика институты және ҚР Ұлттық ядролық орталығымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Физика-техникалық институтының ғалымдары белсенді қатысады. Осы келісім үлкен мәртебеге ие болып, іргелі ядролық физика саласындағы ынтымақтастықтың деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін болады», – деді.

Сондай-ақ, ол Қазақстан ғалымдарының атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қызметтің негізгі бағыттары ядролық физика бойынша іргелі зерттеулер, қарапайым бөлшектер физикасы және жоғарғы энергиялар физикасы, қатты денелердің радиациялық физикасы, ядролық физика бойынша қолданбалы зерттеулер, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және медицинада ядролық технологияларды әзірлеу және қолдану болып табылатынын атап өтті.

Министр «Ядролық физика институты 2010 жылдан бастап Қазақстанның және ТМД жас мамандары үшін бірлескен CERN мектептерін ұйымдастырады. Астана, Дубна және CERN қалаларында 3 мектеп өткізілді (барлығы 80 артық жас ғалымдар тағылымдамадан өтті). Қазақстанда тағы келесі 4-ші мектепті ұйымдастыру жоспарлануда. Экзотикалық ядролар қасиетін зерттеу, сондай-ақ болашақ ядролық реакторлардың конструкциялық элементтеріне жоғары дозалы сәуленің тигізетін әсерін зерттеу бойынша бірлескен тәжірибелерді талқылау жүргізілуде» – деп қорытындылады.

%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d0%b2%d0%b0-29-06-18-min

нықтама.Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы қарапайым бөлшектер физикасын зерттеу саласындағы жетекші халықаралық ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан.

Соғыстан кейінгі физиканың пионерлері Рауль Дотри, Пьер Оже, Лев Коварски, Эдоардо Амальди и Нильс Бор физикалық тәжірибелерді зерттеу үшін біртұтас ұйым құрудың қажеттігі туралы мәлімдеді. Еуропа мәдениет конференциясында (Лозанна қаласы, Швейцария, 1949ж.) Луи де Бройль еуропалық зертхана құруды ресми түрде ұсынды. 1951 жылы желтоқсанда Париж қаласында өткен ЮНЕСКО үкіметаралық кездесуінде Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымын құру туралы шешім қабылданды. 1953 жылғы 29 маусым 1 шілде аралығында Парижде 12 еуропа мемлекеттерінің өкілдері CERN құру жөніндегі келісімге қол қойды. Ұйым 1954 жылы 29 қыркүйекте құрылды.

Қазіргі уақытта CERN-ге 22 мемлекет мүше болып табылады. Одан басқа, кейбір елдер және халықаралық ұйымдар бақылаушы статусына ие. CERN-де 2400 жуық адам тұрақты жұмыс істейді, және 113 елдің 580 университеттері мен институттарынан
10 мыңнан астам физик пен инженерлер CERN-ң халықаралық тәжірибелеріне қатысып, сонда уақытша жұмыс істеуде.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика