Бес мемлекеттің басшылары Каспий саммитіне қатысады | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Бес мемлекеттің басшылары Каспий саммитіне қатысады

20180717133818

Дерекөз: ҚазАқпарат

2018 жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Каспий жағалауы мемлекеттерінің Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстанның басшылары қатысады.

Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін, экономика, көлік, қоршаған орта, қауіпсіздік салалары бойынша Каспийдегі ынтымақтастықты және басқа да мәселелерді талқылайды.

Саммиттің негізгі қорытынды құжаты Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция болуы тиіс. Оның жобасы Мәскеуде 2017 жылы 4-5 желтоқсанда Сыртқы істер министрлерінің жиналысы аясында келісілген еді.

Саммит барысында Конвенциядан басқа бірқатар бес жақты үкіметаралық құжаттарға қол қойылуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика