2018 жылдың 25-27 шілде аралығында Өскемен қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді. | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылдың 25-27 шілде аралығында Өскемен қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы шілденің 25-нен 27-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Өскемен қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Макинск Құс фабрикасы» ЖШС;
«Казцинк» ЖШС;
«Сәтпаев кен-байыту кәсіпорын» ЖШС;
Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК;
«Kazfoam» ЖШС;
«Тау-кен металлургиалық ALTYN концерні ММ» ЖШС;
«ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС;
«Экология-Жастар-Бастама-Даму» ҚҚ;
ҚР БҒМ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК;
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және  табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың қызметін экологиялық реттеу. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);
  • Экологиялық тексерулерді жоспарлау және жүргізу;
  • Экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік;
  • Экологиялық аудит және оны жүзеге асыру.

Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика