ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы тамыздың 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы тамыздың 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каражанбасмунай» АҚ; Маңғыстау облысы бойынша «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС филиалы; «Халлибуртон Интернэшнл ГмбХ» КФ; «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС; «WEST DALA» «ВЕСТ ДАЛА» ЖШС; «ТенизСервис» ЖШС; «Шагала-Сервис» ЖШС; «Каракудукмунай» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктері. Өндірістегі экологиялық бақылау, қалдықтарды басқару бағдарламасы, жобалардағы экологиялық іс-шаралар жоспары. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың экологиялық реттеуі. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
  • Қоршаған орта эмиссияларына рұқсат беру тәртібі;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтар саласындағы экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік;
  • Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау;
  • Қалдықтар саласындағы шаруашылық қызмет;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика