Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Тазалық-2012» ЖШС; «Стройпромгрупп-2030» ЖШС; «Н Оперейтинг Компани» ЖШС; «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ; «Рудненский водоканал» ЖШС; «Варваринское» АҚ; «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС; «Altyntau Kokshetau» АҚ; «Интергаз Орталық Азия» АО «Қостанай» Магистральды Газ Құбырлары Басқармасы» Филиалы.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары;
- Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар;
- Қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктері. Өндірістегі экологиялық бақылау, қалдықтарды басқару бағдарламасы, жобалардағы экологиялық іс-шаралар жоспары. Стратегиялық экологиялық бағалау;
- І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
- Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
- Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың экологиялық реттеуі. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
- Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.