Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша он сегізінші аукцион өткізілді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша он сегізінші аукцион өткізілді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 16 қазанда Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін жиынтық қуаты 100 МВт жел электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша он сегізінші аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттық барысында жобалардың бірлік қуаты 50-ден 100 МВт-қа дейін 3 компаниядан 3 өтінім берілді. Өтінімдердің жалпы көлемі 250 МВт құрады. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессияның қорытындысы бойынша қатысушылардың өтінімдерінде ұсынылған баға диапазоны 20,9 теңге/кВт*cағ. 22,67 теңге/кВт*cағ. дейін артты.

Қатысушылар саны екеуден артық және сатып алынатын қуат мөлшері 130% жоғары болғандықтан, «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес аукцион өткізілді деп саналды.

Аукционға бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:

  1. «ЖЕЛ ЭЛЕКТРИК» ЖШС 50 МВт-қа 20,9 теңге/кВт*cағ. бағамен;
  2. «Шокпарская ветровая станция» ЖШС 100 МВт-қа 22,58 теңге/кВт*cағ. бағамен.

Анықтама ретiнде:

ҚР ЭМ 22.02.2018 ж. №65 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес ағымдағы жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша алғашқы халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізіледі. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықтың өткізуі мынадай электр станцияларының түрлері бойынша жоспарлануда:

– күн электр станциялары – 290 МВт;

– жел электр станциялары – 620 МВт;

– гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

– биоэлектр станциялары – 15 МВт.

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика