Қ. Бозымбаев Финляндияда энергетика және экология саласындағы халықаралық құжаттарға қол қойд | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қ. Бозымбаев Финляндияда энергетика және экология саласындағы халықаралық құжаттарға қол қойд

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Финляндия Республикасына сапары шеңберінде ағымдағы жылғы 16-17 қазанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі тарапынан бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Финляндияның Экономикалық даму және жұмыспен қамту министрлігі мен Финляндия Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы энергия және жасыл экономика саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Меморандумның мақсаты теңдік пен өзара тиімділік қағидаларына негізделген энергетика және жасыл экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады.

2. Бұл меморандумның мақсаты биоэкономика, биоэнергия, биоотын, биоматериалдардан жасалған өнімдер, энергия тиімділігі, қалдықтарды кәдеге жарату, индекстеу және өңдеу, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік және Қазақстандағы өнеркәсіпті дамытуға арналған форсайттық зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады;

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «ICM Recycling» консорциумы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2021-23 жылдарда полигонды дұрыс пайдалану арқылы биогаз қондырғысының құрылысы күтілуде. Қазіргі уақытта қағаз және пластик қалдықтары әрі қарай өңдеу үшін сұрыпталып жатыр. Қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын қалдықтарды сұрыптау кешенін салу жұмыстары басталды. Кешенді іске қосу ағымдағы жылғы желтоқсанға жоспарланған;

4. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен SETCleanTech арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Меморандумның мақсаты қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобалар шеңберінде ақпарат алмасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қатты қалдықтар және жаңартылатын энергия көздері саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады;

5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Wartsilia» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Келісімнің мақсаты – Түркістан қаласындағы электр энергиясының маневрлік қуатын арттыруға мүмкіндік беретін бу-газ қондырғыларына газды пайдалану туралы Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағында ынтымақтастықты дамыту.

Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды сыртқы саяси іс-шара болып табылады.

ҚРЭнергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика