ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қарашаның 7-нен 9-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қарашаның 7-нен 9-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Атырау –Тенгиз Констракшн Сервис» ЖШС; «ТеңізСервис» ЖШС; «СКФ «Жаиксельстрой» ЖШС; Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық  шаруашылық басқармасының шаруашылық  жүргізу құқығындағы «Алматы су» МКК; «ERG Service» (И-Ар-Джи Сервис) АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Экологиялық кодекстегі өзгертулер. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтары саласындағы заңнаманың қазіргі жағдайы және 2016, 2017, 2018 жылдардағы экологиялық кодекске енгізілген түзетулер
  • I санаттағы объектілерге экологиялық рұқсаттар беру
  • Климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты даму мақсаттары мен көрсеткіштері.
  • Экологиялық басқару
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);

Дәріс оқығандар:

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Асанова Жанар Талгаровна – АҚ «Жасыл Даму» Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Досмакова Бизара ЖакиевнаҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының орынбасары;

Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;

Сергазина Гульмира Халеловна – АҚ «Жасыл Даму» бас директордың орынбасары;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ  бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика